Несиесін төлей алмаған 12 азамат өз-өзіне қол жұмсаған
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, халықтың қарызға белшеден батуы ауыр зардаптарға әкелуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Әрине, несиені рәсімдеу кезінде адам оны қайтара ала ма, жоқ па – ойлануы керек, бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендігіне байланысты адамдар алды-артын бағамдай бермейді. Салдарында қарызы көбейіп, оны төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда несие алушылар тек суицид қана емес, түрлі қылмыстар жасаған…