Тоқаев пен Пашинян бірқатар құжатқа қол қойды

Ереванда Қазақстан президенті мен Арменияның премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда. Шағын форматта өткен кездесуден кейін Қазақстан мен Армения басшылары келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан президенті ретінде Арменияға алғаш рет ресми сапармен келгенін атап өтті….

Толық оқу

Жамбыл облысында 300-ге жуық көлік жолда қалып қойды

Жамбыл облысында боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қордай аудандық ПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп, сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырып жатыр.  

Толық оқу

СҚО-да сілеусін 44 қойды қырып кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында сілеусін бір отар қойды қырып кетті. Айыртау ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде таңғы сағат 5 шамасында 44 қойдың қырылып жатқаны анықталды. Бақташылар нақты себебін таппады. Содан бірден аудандық полицияға хабар берген. Оқиға орнынан шұғыл тергеу тобы жіберілді. «Тексеріс кезінде үй жануарларынан тістелген және тырналған жаралар анықталды. Ал тамақ тұсындағы жарақаттар өлімге себеп болған….

Толық оқу

Несие алу процесіне өзгеріс енді: Тоқаев заңға қол қойды

Қазақстан президенті ел тұрғындарына «Электронды үкімет» арқылы кредит алу мүмкіндігін бұғаттап, одан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — деп жазылған хабарламада. Ерікті бас…

Толық оқу

Президент заңсыз иемделген активтерді қайтару туралы заңға қол қойды

Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады. Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан –…

Толық оқу