«Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды басшылары пара алды деген күдікке ілінді
Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазым иелері жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады otyrar.kz. Тергеу жұмыстарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті айналысып жатыр. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу деген күдікке ілініп отыр….