Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады,деп хабарлайды Qazaq.today. Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді. Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді….