Президент «Татнефть» бас директоры Наиль Магановты қабылдады

Фото: Ақорда  ️Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Атап айтқанда, «Татнефть» Атырау облысында бутадиен және одан өнім өндіруге бағытталған мұнай-газ химиясы саласындағы стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жобалары аясында…

Толық оқу

Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда  Қазақстан Президенті Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.

Толық оқу

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты – делінген акпаратта. Еске сала кетейік,…

Толық оқу

Қазан айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Қазан айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндерінен бөлек тағы бір күн демалады. Себебі Қазақстанда 25 қазан – Республика күні тойланады. Биыл бұл мереке сәрсенбіге сәйкес келеді, қазақстандықтар үшін бұл күн демалыс болады. Жалпы қазан айында демалыс күндерін кейінге қалдыру жоспарда жоқ. 2023 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар жеті күн – 1, 7,…

Толық оқу