Қаскелеңде әйелдер жаппай төбелескен
Алматы облысында әйелдер арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, кейбір әйелдердің қолында бала бар, деп хабарлайды Qazaq.today Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға орнынан түсірілген видео жергілікті Instagram парақшалардың бірінде жарияланды. Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қаскелең қаласында бүгін, 2023 жылғы 24 шілдеде болған. Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды….