
Жыл басынан бері 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 351 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Qazaq.today басылымы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралған. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан,…