
Павлодарлық оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақ сұғып алған (ВИДЕО)
Фото: Pixabay Павлодарда оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұғып алған. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салған Павлодар қаласының мектеп оқушысы ұсталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.