Алматы – Өскемен пойызында сәби дүниеге келді
Фото: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алматыдан Өскеменге бағыт алған №352 пойызда сәби дүниеге келді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Нәрестенің анасына босануға жолсеріктер көмектескен. «Екіаша — Айыртау станциялары арасында жолаушының толғағы басталды. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдаққұлова және пойыз бригадасының басқа қызметкерлері жас анаға қажетті көмек көрсетті. 7 ақпанда сағат 13:30-да қыз бала…