
Ел тұрғындары тағы бір қауіпті вирусты анықтайтын ПЦР-тест тапсырады
Фото: Pixabay Қазақстанда маймыл шешегін анықтау үшін ПЦР-тест сатып алды. Ол жуық арада елге жеткізіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, инфекциялық ауруды Қазақстанға кіргізбеу үшін бақылауды күшейту керек. «Маймыл шешегі өте қатерлі вирустық сырқат болып есептеледі. Қазіргі уақытта ол тек Африкада ғана емес, басқа да мемлекеттерде пайда болғанын…