Пәкістанда мешітте болған жарылыстан отыз шақты адам қаза болды
Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 28 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды. Geo.tv мәліметінше, лаңкес намаз кезінде алдыңғы қатарда болған, ол өзін жарып жіберіп, ондаған намазханды жаралаған. Аурухана өкілі жарылыстан 28 адамның қаза тауып, 150-ден астам адамның жараланғанын айтты. Сондай-ақ зардап шеккен 10-нан астам адамның жағдайы ауыр. Аурухана зардап шеккендерге көмекке қан тапсыруды өтініп,…