Өзбекстан азаматтарына Қазақстанда еңбек етуге жүз мыңдаған рұқсат берілді – ресми деректер неге сәйкес келмейді?

2024 жылы Қазақстанда 448 мыңнан астам өзбекстандыққа жұмыс істеуге рұқсат берілген Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) мәліметінше, 2024 жылы Өзбекстан азаматтарына 498 792 уақытша тұруға рұқсат берілген. Оның 448 мыңнан астамы еңбек қызметімен айналысуға арналған. Ал 2025 жылдың басынан бері 15 353 өзбекстандыққа уақытша тұруға рұқсат берілген. Бұған дейін Өзбекстанның Көші-қон агенттігі Қазақстанда еңбек мигранттарының…

Толық оқу

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз Өзбекстан азаматы қаза тапты

Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Апат кеше Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Тасжолда Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан. Апат салдарынан минивэн жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты. “Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші көлікті…

Толық оқу