Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды

Фото: kapital.kz Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Толық оқу