Сәкен Бибосынов ширек финалда Хасанбай Досматовтан жеңіліп қалды

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілді. Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңілді. 51 келіде бақ сынайтын боксшы өзбекстандық Хасанбай Досматовқа жол берді. Қорытынды есеп — 2:3, Досматовтың еншісінде. Фото: Сали Сабиров

Толық оқу

Олимпиада ойындарында жүлде алған боксшыларға берілетін сыйақы мөлшері анықталды

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап ауызашар ұйымдастырды. Осы жиында федерация президенті Шахмұрат Мүтәліп Олимпиадада чемпионы атанған боксшы мен жүлдегерге және олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақынының көлемін жариялады. Ол Қазақстан бокс федерациясы тарапынан Олимпиада чемпионына 220 мың, күміс жүлдегерге 120 мың, қола медалиске 70 мың, 4-орын алған боксшыға 30 мың және 5-орыннан…

Толық оқу

Олимпиада-2024: Қазақстан 31 жолдама алды

[ad_1] Батуттық гимнастикадан Әлем кубогы бесінші кезеңінің қорытындысы бойынша Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 25 жастағы спортшы былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген болатын. Бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына алғаш рет Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға ие болған еді. Қазір…

Толық оқу

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын Олимпиада-2024 ашылуына қатыстырмайды

Қабылданған шешімге сәйкес, ресейлік және беларуссиялық спортшыларға 26 шілдеде ашылу салтанатына қатысуға тек көрермен ретінде қатысуға рұқсат етіледі. Ресей мен Беларусьтың 58 спортшысы жарысқа жіберіледі, бірақ олар ұлттық туларының астында емес, тек бейтарап күйде қатысады. Спортшылар Ресейдің Украинаға басып кіруін көпшілік алдында қолдамауы әрі әскери немесе мемлекеттік ведомстволарға тиесілі болмауы керек.  

Толық оқу