Түркістан облысында нәрестенің алтын сырғасын ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері нәрестенің алтын сырғасын ұрлаған 29 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. Күдікті базарда 2 баласымен бірге такси іздеп жүрген әйелді көрген. Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы, 8 айлық сәбиі мен жол сөмкесі болған. Күдікті әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Ол жәбірленушіні таксиге дейін шығарып салар тұста нәрестенің…

Толық оқу

Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тасжолдар қалыпқа келтіріледі

Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тасжолдар қалыпқа келтіріледі, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдардың жалпы ұзындығы – 1 мың 534 шақырым. Оның 82%-ы қанағаттанарлық деңгейде. Кейбір учаскелердің жөнделмегеніне 40 жылдай болған. Осы мақсатта өңірдегі автожолдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды шаралар кешені басталмақ. Биыл облыста республикалық маңыздағы 6 автожолдың 187 шақырымында орташа жөндеу…

Толық оқу

Түркістан облысында көпір тіреуі темірінің құлауы: ҚТЖ-ға айыппұл салынды

Түркістан облысының полициясы жолдарда темір жол өткелдерін күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚТЖ-ға қатысты әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Qazaq.today. Осы бап бойынша компанияға 30 АЕК айыппұл салынған. ҚТЖ 3 наурыз күні сағат 16:15 – те Қызылсай-Манкент аралығының Арыс-Түлкібас учаскесінде «қоршауға бекітілген темір баннердің жүктемесіне байланысты автожолдың жүріс бөлігіне теміржол көпірінің қоршауы құлағанын» хабарлаған…

Толық оқу

Ақмола облысында 200 бастан астам жылқы аштан қырылып қалды

Ақмола облысының Біржан сал ауданында жылқы қырылып жатыр. Қыстақтағы малды ауылға жеткізуге жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар қыста жауған жаңбырдан сіресіп қатып қалған. Сол себепті тебіндегі жылқы азық таппай, аштан өліп жатыр. Алдындағы малынан айырылған шарасыз шаруалар әкім-қаралардан жалынып көмек сұрап отыр. «Сіздерден көмек сұраймыз. Облыс аппараты неге төтенше жағдай жарияламасқа? Мына жаққа техника…

Толық оқу

Жамбыл облысында 300-ге жуық көлік жолда қалып қойды

Жамбыл облысында боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қордай аудандық ПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп, сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырып жатыр.  

Толық оқу