Түркістан облысында ер адам таудан құлап қайтыс болды

Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. «Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары әлі жүргізілген…

Толық оқу

Қаскелең қаласында екі шетелдік азаматтың мәйіті табылды

Алматы облысы Қаскелең қаласында жеке үйлердің бірінде пышақ жарақаты бар екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today Stan.kz-ке сілтеме жасап.   Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленовтың айтуынша, 26 маусым күні полицияға 1979 жылы туған азамат Қаскелең қаласында жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған. Полицейлер қаза тапқандардың 1989…

Толық оқу

Абай облысында балалар үйінің басшылығы 6 млн теңге жымқырған

Абай облысы Үржар ауданында Науалы балалар үйі әкімшілігі қызметкерлерінің 6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын  ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Бас прокуратура мәліметінше, балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төледі, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеді. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен…

Толық оқу

Алматы облысында екі мектепті жөндеуге бөлінген 57 млн теңге ұрланған

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгені құраған «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары кезінде…

Толық оқу

Жайылым тапшылығын қолдан жасаған 174 ауыл әкімі жазаға тартылды

Түркістан облысында 174 ауыл әкімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz. сілтеме жасап.  Бас прокуратура мәліметінше, әкімдер «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып…

Толық оқу