Ақтөбе облысында тұрғындар эвакуациялана бастады

Ырғыз ауданының аумағындағы Торғай өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр ауылының елді мекенін су басу қаупі туындады, деп хабарлады Qazaq.today басылымы  ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осылайша ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен тұрғындарды Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына эвакуациялау жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды.

Толық оқу

Түркістан облысында бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды

Түркістан облысында бұрын бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады. Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың айтуынша, ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп, жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстаған. «Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысында 15 үйдің иесі табылмай жатыр

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қолда бар мүмкіндіктің бәрі жасалып жатыр. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев айтты. Оның айтуынша, облыста 1 155 тұрғын үй су астында қалды. 732 үйдің тұрғындары өз шаңырағына оралды. 408 үйде адам тұрмайды. 15 үйдің иесі жоқ. Автокөлік жолдарының 65 учаскесіне су толып кетті….

Толық оқу

Ақтөбе облысында 1 мың үйге зақым келген

Ақтөбе облысында табиғи апаттан 1 мың үйге зақым келді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. «Су тасқынынан өңірде 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыс, 232 аула, 852 саяжай зақымданған. Су тасқынына қарсы күреске 720 маман, 185 техника, 11 қайық, 8 су сорғыш жұмылдырылды», — деді Асылбек Есенбаев…

Толық оқу

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 186 мың теңгеден төленді

Бүгін Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 186 мың теңгеден бөлінген. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Ол өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлемді төлеу басталғанын атап өтті. «Бүгінде 50 АЕК (186 600 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 587…

Толық оқу