Атырау облысында Karabatan мен «Теңізшевройл»-ға 10,7 млрд теңге айыппұл салынды

Атырау облысының прокуратурасында табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарын сақтауын талдау нәтижелері туралы айтылды. «Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, сондай-ақ эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, жердің рұқсат етілген шығарындылары мен ластану нормативтерінен асып кету фактілері анықталды. Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды», —…

Толық оқу

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысты

Белгілі болғандай, «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына бара жатқан. Қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.  

Толық оқу

Алматы облысында үш судья жемқорлық күдігіне ілінді

Алматы облысында үш судья жемқорлық деректеріне қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жасаған жемқорлық қылмыстарын анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр. «Қазіргі уақытта іс бойынша қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі…

Толық оқу

Алматы облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Алматы облысында жиналып, жаппай төбелес шығарған жасөспірімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқушылардың топтасып жаға жыртысып жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарауда. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жапек батыр ауылында болған. Төбелескен – жергілікті мектептің оқушылары. Тексеру барысында анықталғандай, 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы…

Толық оқу

Жетісу облысында жылқы адам өліміне себеп болды

Жетісу облысында жеңіл көлік жылқығы соғылып, апатқа ұшырады. Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласынан шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, аталған көлік кенеттен жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан. Ауди А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызлды.

Толық оқу