Ақмола облысында экс-полицей мемлекетке 400 млн теңге шығын келтірген

Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз рәсімдеген бұрынғы полиция қызметкері жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі. Қылмыстық істі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 көлік заңсыз есепке қойылған. Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге залал келген. «Қылмысты…

Толық оқу

Қарағанды облысында ауыл оқушылары радиация ошағында оқып жүр

Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кентінің оқушылары жылдар бойы радиация ошағында оқып жүр. Мамандар ескі шахтадан тараған радон білім ошағының жертөлесіне, ауылға жайылып, тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады 24.kz арнасы. «Мұндағы үйлер мен әлеуметтік нысандарда радиоактивті заттың мөлшері қалыпты жағдайдан 2-3 есе көп. Ал мұның соңы қатерлі ісік пен басқа да аурулардың көбеюіне…

Толық оқу

Қостанай облысында 4 жыл бұрын жоғалған ер адам әлі табылмай жатыр

Қостанай облысында 4 жыл бұрын жоғалған Руслан Жұбанышевтан әлі хабар жоқ. Он жеті жасында із-түзсіз кеткен бозбаланы ата-анасы, ағайыны әлі күнге дейін іздеп жүр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Оны соңғы рет Ілияс Омаров ауылындағы көл жағасынан көрген. Достарымен бірге балық аулауға барған колледж шәкіртінің содан бері қайда кеткені белгісіз. Көл жағасынан ізім-қайым болған жасөспірімді жарты…

Толық оқу

Павлодар облысында 12 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы табылды

12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны табылды. Бұл туралы VITA іздеу отряды Instagram-парақшасында хабарлады. «Баршаңызға рақмет! Полиция қызметкерлері тапты, аман», — деп жазды еріктілер.  Екі баланың анасы осынша күн бойы қайда болғаны және неліктен жоғалып, байланысқа шықпағаны әзірше белгісіз. Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында екі баланың анасы…

Толық оқу

Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті

Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті, — деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Желіде Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты Дәурен Слямовтың Үшарал қаласында өлі табылғаны, бейтаныс біреу оны пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полиция бөліміне Үшарал қаласындағы тұрғызылып жатқан нысандардың бірінде ішімдік…

Толық оқу