Салтанат Нүкенованың туыстары шындықтың бетін ашып, сұқбат берді
Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау уақыты екі айға ұзартылды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі 9 наурызға дейін қамауда болады. Ал күйеуінің қолынан айуандықпен қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстары арнамызға берген сұхбатында оның бағалы заттары мен әшекей бұйымдарын әлі күнге дейін қайтара алмай жүргенін айтты. Біраз шындықтың бетін ашқан марқұмның туған ағасы бүгінде сараптама қорытындысымен танысуды бастап кеткен….