
Үндістанда нөсер жауын 22 адамның өмірін жалмады
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында соңғы тәулікте жаңбырға байланысты оқиғалардан кем дегенде 22 адам көз жұмған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, үздіксіз жаңбыр өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне және штаттың 12 округіндегі 600-ден астам ауылдың су астында қалуына әкелді. Су тасқыны мың гектардан астам ауылшаруашылық жерін шайып,…