
Тоқаев елде қосылған құн салығын көтеруге қатысты пікір білдірді
Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтіп жатыр. Пленарлық отырыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесіндегі реформаға тоқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тоқаев бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды дейді. “Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай…