Су астында қалған Құлсарыда бір отбасының екі бірдей мүшесі жоғалып кетті

Құлсарыда екі ер адам – әкесі мен ұлы жоғалып кетті. Олар резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен, бірақ әлі күнге дейін олардан хабар жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Атырау облысының Құлсары қаласында Жем өзенінің тасуы салдарынан су басқан болатын. Салдарынан екі ер адам із-түссіз жоғалып кетті. Телеарна дерегінше, әкесі мен баласы…

Толық оқу

Әзербайжаннан қылмыстық топтың мүшесі экстрадицияланды (ВИДЕО)

Әзербайжаннан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі экстрадицияланды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Бас прокуратура Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады. «Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден аса алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деген күдікке ілінген. Салдарынан мемлекетке…

Толық оқу

Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топтың тағы 8 мүшесі ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлері мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты ұстаудың екінші кезеңін өткізді, деп хабарлады Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ішкі істер министрлігі өткен жылдың желтоқсанында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарлаған. Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды. Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында…

Толық оқу

«Дикий Арманның» қылмыстық тобындағы 80 адам ұсталды

ІІМ Арман Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобын әшкерелеуге және жоюға бағытталған іс-шаралар кешені қалай жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан, оның басқа мүшелері адвокаттардың қызметтерін қаржыландыра отырып, құқыққа қарсы қызметпен айналысуын жалғастыруда. Тергеу процесінің қатысушыларына бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желісі…

Толық оқу