
Атлант мұхитынан жүзге жуық мигранттың мәйіті табылды
Мавританияның жағалау күзеті дүйсенбіде Атлант мұхитынан 89 адамның денесін тауып, 9 адамды құтқарды, қалғаны із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Тірі қалғандардың айтуынша, өткен аптада 170 адам қайыққа мініп, Сенегал-Гамбия шекарасынан шыққан. Қайық Мавританияның оңтүстік-батыс жағалауында аударылған. Мавритания Батыс Африкадан Еуропаға ағылатын мигранттардың негізгі транзит пункті болып саналады. Былтыр мыңдаған…