
Жаңаөзенде бір мопедке мінгескен жасөспірімдер жол апатына түсті
Жаңаөзенде үш жасөспірім мопедке мініп, жолда жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан бір бала көз жұмды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 18 қараша күні сағат 20:30 шамасында болған. Олардың екеуі – 2010 жылы туған, ал біреуі – 2011 жылғы. Кішісі апаттан көз жұмды. «Екі бала Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасына қабылдау бөлмесіне жеткізілді», —…