
Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін…