Су министрі мәжілісте сын естіді

Коллаж: ulysmedia.kz. Балабиевтің айтуынша, Жамбыл облысы ағын суды трансшекаралық өзендерден алады. Оның 82 пайызы Қырғыз Республикасынан келеді. Осы жылдың шілде-тамыз айларында Қырғызстаннан берілетін 3,5 млн текше метр судың таусылуына байланысты берілген су тоқтатылғаны белгілі.  Осыған байланысты шілде-тамыз айларында Жамбыл облысының алты ауданында ағын су тапшылығы орын алып, 9 мың гектар алқаптағы егіс зардап шеккен. Шығын…

Толық оқу

ІІМ: Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов екі полиция қызметкерінің Алматыда 14 жастағы жасөспірім қызды зорлау фактісін растады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-сілтеме беріп. Мәжіліс кулуарында Ержан Сәденовтен полицейлердің оқушыны зорлауға қатысы бар-жоқтығы сұралды. «Өкінішке қарай, мұндай факт орын алды. Олардың қылмыс жасағаны анықталды. Бірден тәртіптік комиссия өткізілді. Олар теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды»,…

Толық оқу

Қазақстанға кемінде 3 атом электр станциясы қажет – энергетика министрі

Қазақстанға еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында кемінде 3 атом электр станциясы қажет, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Обожаю» жобасына берген сұхбатында, деп хабарлайды Qazaq.today. Оның айтуынша, атом индустриясы өндірісті дамытып, ең жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды мақсат тұтады.   «Атом саласында біз қазірдің өзінде жылушығарғыш жинақтарды өндіріп жатырмыз – өнімдер 20 жылға алдын ала сатып…

Толық оқу

Тоқаев жаңа Экология және табиғи ресурстар министрін тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.   Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда…

Толық оқу

Жаңа оқу жылының ұзақтығы белгіленді

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты сарапшылар шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. Ғани Бейсембаев сарапшылардың өткен жылғы оқу мерзімін қалдыруды ұсынғанын айтты. «Сарапшылар шешім қабылдады, ғалымдар да шешім қабылдап, оқу жылын 36 апта етіп қалдыруды ұсынады», – деді министр. Десе де, министр бұл ұсыныс қоғаммен талқыланатынын айтты….

Толық оқу

Экология министрі қаза тапқан орманшылар туралы: «Қатты түтіннің кесірінен оларды таба алмадық»

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай ауданындағы орман шаруашылығы қызметкерлерінің рациямен айтқан соңғы сөздері қандай болғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, өртті сөндіруге бірінші болып орман шаруашылығы өкілдерінің барғанын атап өтті. Олармен 8 маусымға қараған түні байланыс үзілген….

Толық оқу