Астана мен Шымкентте бағалы металдардың аса ірі көлемдегі заңсыз айналымы тоқтатылды
Ақмола облысының, Астана және Шымкент қалаларының аумағында бір топ адам аса ірі көлемдегі бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аймақтық прокуратураның үйлестірумен қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Алтынды заңсыз өндіру, сатып алу, өткізу мен одан есепке алынбаған зергерлік бұйымдарды жасау және оларды сату бойынша барлық схема анықталған….