Президент құтқарушыларды мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушылар күнімен құттықтады. Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушылар күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына. Qazaq.today