«Мемлекеттік аудитор 26 млн теңге пара алған» — білім беру саласындағы тағы бір жемқорлық әшкереленді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жемқорлық дерегін тергеп жатыр, деп хабарлады Антикор. Қылмыстарды мемлекеттік аудиторлар жасырған. Мұны қылмыстық істердің материалдары растады. Мысалы, Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына аударылған және мектеп қызметкерлерінің жалақысы асыра есептелген. Содан кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлаған. Тергеу барысында Алматы облысында Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудиторының 500 мың…