БҚО-да бір ауылдың балалары екі жылдан бері мектепсіз отыр
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Базартөбе ауылының балалары екі жылдан бері мектепсіз отыр. Қазір олар жатын бөлмесі оқу класына бейімделген шағын интернатта оқып жүр. Күрделі жөндеуге жабылған ауыл мектебі жоспар бойынша былтыр пайдалануға берілуі тиіс еді, деп хабарлайды Астана арнасы. Телеарна хабарлауынша, екі жүзге жуық оқушы мектеп жанындағы шағын интернаттың сегіз класында екі ауысыммен оқуға…