
Қызылордада мектеп оқушысын ит талап тастады
Фото: видеодан кадр Қызылорда қаласында бос жүрген ит шамамен 7, 8-дер шамасындағы оқушы балаға шабуылдап, оны жерге құлатқан видео тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Иығына сөмкесін асынған бала жерде етпетінен жатып, қос алақанымен бетін жауып алған. Ал ит еш «саспастан» аяғымен баланың үстінен басып, «тағы кім бар» дегендей жан-жағына қарайды. Жан-жақтан «кет, кет» деп…