
«Ішектері жетімсіреп ызыңдамасын»: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлының гитарасын көрсетті
Фото: Серікзат Дүйсенғазы фейсбук парақшасынан Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы өмірден өткен 16 жастағы ұлы Әлиханның гитарасын көрсетіп, естелігін бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Әлихан батырдың гитарасы ғой. Өзінің түзеп кеткен құлақкүйімен тұр. «Ішектері жетімсіреп ызыңдамасын» деп анда-санда бір қолға алып қоямын. Басымда балапанымның осы гитарасын тартқанда киіп отыратын тақиясы. Олимпиадаға дайындықтан шаршағанда осы диванда…