«Балаларға берген тамағы ашып кеткен»-Түркістанда ата-аналар лагерь жұмысына шағымданды
Түркістан облысы Түлкібас ауданында ата-аналар жазғы сауықтыру лагерінің жұмысына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Видео әлеуметтік желіде тараған. Ата-аналардың айтуынша, балалары тамаққа шағымданған. «Лагерьде балаларға берілген тамақтары ашып кеткен, нандары қатып қалған» делінген ақпаратта. Облыстық білім басқармасының мамандары таулы аймақта орналасқан лагерьді тексеріп жатыр. «Біздің мамандар қазір сол жерде тексеру жүргізіп…