Қызылордада қымбат смартфонды күшпен тартып алған жігіт 5 жылға сотталды

Қызылордада қарақшылық жасаған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz. Былтыр қыркүйекте күдікті қалада 2 адамды соққыға жығып, олардың қымбат телефоны мен 1 млн теңгеден асатын ақшасын тартып алған. Жүргізілген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде полиция 32 жастағы қызылордалықты ұстады. Сотталушы сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан…

Толық оқу

Астана тұрғынынан ұялы телефонды күшпен тартып алған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Елордада полиция тұрғыннан смартфонды күшпен тартып алған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 21 қарашада таңғы уақытта 26 жастағы күдікті күш қолданып, жәбірленушіден ұялы телефонды тартып алған. Полиция тұрғыннан арызды қабылдап, тонаушыны тез іздеуге кірісті. Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 191-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Толық оқу