Құлсарыдағы төбелес салдарынан 11-сынып оқушысы көз жұмды

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында жастар арасында өзара келіспеушілік болып, соңы мектеп оқушысының өлімімен аяқталды, деп хабарлады «Ақ Жайық». Оқиға қаланың сырт жағында болған. Түнгі сойқанға қатысқан жастардың арасында мектеп оқушылары да бар болып шықты. Жанжал кезінде М. Сатыбалдиев атындағы орта мектептің 2006 жылы туған, 11-сынып оқушысы пышақ жарақатынан ауруханаға жетпей…

Толық оқу

Қарағандыда жеңіл көлік пойыздың астына түсіп, екі адам көз жұмды

Қарағандыда автокөлік жүргізушісі жабық шлагбаумды елемей, темір жолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады inform.kz. Апат 21 қаңтарда таңертең болды. «31 жастағы «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі Саран тас жолымен Костенко шахтасы жағынан «Тойота орталығына» қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып…

Толық оқу

БҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болды. «Сағат 17.17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар…

Толық оқу

Ақтөбеде төбелестен екі жасөспірім көз жұмды

Қайғылы оқиға қаңтардың 2-сінен 3-іне қараған түні болған. Қалаға қарайтын Қызылжар ауылында төбелес болғаны туралы полицияға хабар берілген. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетіп, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Алдын ала болжам бойынша, текетірес Instagram-да басталған. Жасөспірімдер көзбе-көз кездесіп мәселені шешпек болған. 2 қаңтар күні түнгі 23:00 шамасында екеуі пышақ жарақатын алып, есін…

Толық оқу

Шымкент қалалық энергетика басқармасы басшысының орынбасары жол апатынан көз жұмды

Алматы облысындағы тас жолда Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Әбдіқадыров жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды elitar.kz. Редакция мәліметі бойынша, жол апаты 18 желтоқсан күні сағат 8:00-де Алматы-Бішкек тас жолында Беріктас ауылынан үш шақырым жерде болған. Мақсат Әбдіқадыров Lexus LX470 көлігімен айналма жолға шығып келе жатып, рульге ие бола алмай,…

Толық оқу