Еліміздегі мемлекеттік балабақшалар толықтай қазақ тіліне көшіріледі
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдегі барлық мемлекеттік балабақшаларды мемлекеттік тілге ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Министрдің сөзінше, елімізде бүгінде 11 мыңнан астам балабақша бар. Оның тең жартысы мемлекеттік. Осы орайда сол балабақшаларды түгел дерлік мемлекеттік тілге көшіру көзделіп отыр. “Динамика бойынша қазақ тіліндегі балабақшалардың қажеттілігі, сұранысы бар. Оны біз көріп…