Астанаға бара жатқан көлікті тоқтатқандар жүргізушіні пышақтап кеткен
Қарағанды облысында көлік жүргізушісіне шабуыл жасалды. Нұра ауданынан Астанаға барар жолда көлік тоқтатқандар рөлдегі азаматты пышақтап тастаған, деп хабарлады КТК арнасы. Телерананың хабарлауынша, жүргізішінің беті, мойны мен қолдары тілінген. Ол шаруасымен Астана қаласына кетіп бара жатқан. Тас жолдың бойындағы ауылдың бірінде екі адам көлік тоқтатып тұрған. Жолаушылар жүргізушіден Астанаға ала кетуін сұрапты. Бірақ әңгімесі жараспай…