СҚО-да екі көлік өртеніп, адамдарды күйік шалды
Фото: Smartnews.kz Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Екі жағдайда да өрт сөндірушілер көліктерді толығымен жанудан аман алып қалды. Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды. ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.