
Көктөбедегі телемұнараға найзағай түсті (ВИДЕО)
Алматыда Көктөбедегі телемұнараға найзағай түскен сәттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Жергілікті фотограф Александр Шаварев Көктөбе тауындағы телемұнараға найзағай түскен сәтті түсіріп үлгерді. «Көк-Төбе» телемұнарасына найзағай түсті, 13.06.2024», — делінген видео сипаттамасында. Бүгін Алматы қаласында таңертеңнен қолайсыз ауа райы сақталып, қөла тұрғындары түрлі әсерлерімен бөлісіп жатыр.