
Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Фото: Реал Мадрид ФК Франциялық футболшы Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық «Реал Мадрид» командасының ойыншысы болды. Бүгін «Сантьяго Бернабеу» стадионында футболшыны салтанатты түрде таныстыру рәсімі өтті. Аталған шараны тамашалауға 80 мыңнан астам жанкүйер мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inform.kz-ке cілтеме жасап. Бұған дейін 25 жастағы ойыншы Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында өнер көрсетті….