Қостанайда 20 тонна шемішке өртеніп кетті

Пешковка ауылы «Трояна» ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 200 шаршы метр аумақта сақталған астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кеткен. «Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – технологиялық процестің бұзылуы», – делінген хабарламада.    

Толық оқу

Қазақстан азаматы Украинадағы соғысқа кетті

Қазақстан азаматы Ресей әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғыспақ. Ресейдің Бердск қаласында Павел К. есімді Қазақстан азаматы мен оның зайыбына Ресей төлқұжаты тапсырылды. Оны салтанатты жағдайда қала мэрі Роман Бурдин мен қалалық кеңесьтің төрағасы Владимир Голубев табыс етті. Қазақстан азаматы Бердск қаласына жұмыс бабымен келген екен. Осы жерде ол әйелімен бірге Ресей азаматтығын алып, Украинаға қарсы…

Толық оқу

Өскеменде 3 жасөспірімді көлік қағып кетті

Өскемен қаласында көлік қаққан 3 оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған. 13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.   Сәтбаев көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 3 баланы қағып…

Толық оқу

ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті

Altaynews.kz-тің жазуынша, 12 вагонның дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің жоқ екені хабарланды.   “Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Жүк құрамы кен және көмір тасымалдаған”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында…

Толық оқу

«Түркістан облысында дәрігерді пышақтап кетті»: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Түркістан облысында жекеменшік емханалардың бірінде ер адам дәрігерді ауыр жарақаттады, деп хабарлады Otyrar басылымы. Куәгерлердің айтуыншыа, күдікті кезек күтіп отырғанда ашуға булығып, рентгенолог-дәрігерді пышақтап тастаған. Әріптестері дәрігерді жедел ауруханаға жеткізген. Мамандар пышақ жүрек маңына тигенін айтады. «Кеуде қуысына келген жарақат кісі өліміне себеп болуы мүмкін, себебі кез келген органды, тамырды зақымдауы ықтимал. Жарақат жүрек тұсында болған,…

Толық оқу

Қонаев қаласындағы қарттар үйінде 71 жастағы қария тірідей жанып кетті

Қонаев қаласындағы қарттар үйінде 71 жастағы қария тірідей жанып кеткен. Мүгедектігі бар марқұмды ондағы қызметкерлер өртеніп жатқан кезде бір-ақ көрген. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ақсақал ақыры ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Қарттар үйіндегі қариялардың қатары азайып бара жатыр» деген қызмет алушылар оқиғаны толық білмейміз деп бас шайқайды. Бір білетіні, бөлмесінде бақилық…

Толық оқу

Ақтау көшелеріне жылан қаптап кетті (ВИДЕО)

Желіде Ақтау көшесінде қаптап жүрген жыландардың видеосы тарады. Бұл туралы Stankz Telegram-арнасы хабарлады. Видео авторының айтуынша, көше кезіп жүрген жыландардың жалпы саны 17 болған. Ал желі қолданушыларының кейбірі бауырымен жорғалаушылардың күз мезгілінде Каспий теңізінен сыртқа шығып қыздырынатынын айтса, енді бірі мұны жақсы ырымға баламай, алдағы уақытта су тасқыны болады деп болжап отыр.  

Толық оқу

Астанада буллингке ұшыраған оқушы 12 қабаттан секіріп кетті

Астанада «Триумф» тұрғын үйі кешенінің 12-ші қабатынан 14 жастағы бала секіріп кеткен. Қайғылы оқиға жайлы дерек әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Оқиғаны қалалық полиция басқармасы растады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Ондағы ақпарат бойынша, бала буллингке ұшыраған. «20 қыркүйекте 102 нөміріне көпқабатты үйден ер адамның құлағаны жөнінде хабар түсті. Аталған фактты тексеру барысында оның 14 жастағы…

Толық оқу

Алматыда автобус жаяу жүргіншілер жолағында 2 адамды қағып кетті

Алматыда автобус 2 жаяу жүргіншіні қағып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Көлік апаты 9 қыркүйекте таңғы сағат 09:05 шамасында болды.   Автобус жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында…

Толық оқу

«18 жастағы бала»: Тайландта қазақстандық блогер суға батып кетті

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 1 қыркүйекте Қазақстанның Тайландтағы елшілігіне Пхукет аралдарында Қазақстан азаматы суға түсіп, батып кетті деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.   «Ақпаратты тексеру үшін біздің консул жергілікті полициямен байланысты. Екі күн іздестіру жұмыстары жүргізілді. Үшінші күні бір азаматтың денесі судан шығарылды. Бірақ суда екі…

Толық оқу