Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді
1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. 2 қарашада Астана қаласына Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды. Сапар барысында тараптар…