Ұлттық футбол құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді
Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездесіп, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ойын елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтті. Биыл ел құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Алтыншы турға дейін тоғыз ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келе жатқан еді. Алдағы ойындарда оң нәтижеге қол жеткізген…