Елімізде педофилдерге химиялық кастрация тағайындайтын сараптама енгізіледі
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындайтын сараптама енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Елімізде сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізілетін болады. Халықаралық тәжірибені ескерсек, соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуы байқалады. Осыған орай Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу жұмыстарын бастады. Бұл күдікке ілінген азаматқа…