2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
Бүгін – Халықаралық балалар кітабы күні, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Мерекені 1967 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңес» коммерциялық емес ұйымы бекіткен. Айтулы күн тарихтағы ең танымал ертегілер авторының бірі – Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнімен сәйкес келеді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда балаларға арналған 249 кітапхана бар. Жыл басынан бері облыс, аудан, қалалар…