Теміржол апаттарын фото-видеоға түсіруге салынған тыйым алынып тасталды
Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және видеоға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл тапсырма Қазақстан Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Оған сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы…