
«Миы шайқалған»: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды
Қала тұрғынының айтуынша, жексенбі күні, яғни 30 маусымда, түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап. Куәгердің сөзінше, оны ұрып-соғып, нәтижесінде ол ми шайқалуы, параорбитальды гематома және бетінде көптеген көгерулер алған. Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккенді дәрігерлер қарап шығып, медициналық көмек көрсетіп, амбулаторлық емдеуге жіберді.