Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы қауіпті аймақтан ауыл тұрғындарын эвакуациялауды жеделдетуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексеріп, мемлекет басшысы тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалу барысымен танысты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Үкімет басшысы бірқатар су қоймасын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барды. Сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді. Сол жерде Олжас Бектенов су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын…