Ақтөбе облысында тұрғындар эвакуациялана бастады
Ырғыз ауданының аумағындағы Торғай өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр ауылының елді мекенін су басу қаупі туындады, деп хабарлады Qazaq.today басылымы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осылайша ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен тұрғындарды Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына эвакуациялау жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды. 26